«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне мәлімдеме жасады
27 қыркүйек, 2024
фото: t.me/qazavtojol
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қазақстандық жүргізушілерге ауа райының нашарлауына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ведомство мәліметінше, СҚО мен Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Шығыс Қазақстан облысында дымқыл қар жауу мүмкін. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жауын күтілуде, таулы аймақтарда қар түсуі мүмкін.
Құрметті жол пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз,-деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
19 желтоқсан, 2025
Акционерлік қоғамның басқарма мүшесі директорлар кеңесінің шешімін Конституциялық Сотта даулады
19 желтоқсан, 2025
Елімізде етті ең көп жейтін өңірлер анықталды
19 желтоқсан, 2025
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшылары кәсіпкерлікпен айналыса алады
19 желтоқсан, 2025
Қазақстанда резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі артты