Әуе компаниясы Таяу Шығыс елдеріне рейстерді 10 наурызға дейін тоқтатты

5 наурыз, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Әуе компаниясы Таяу Шығыс елдеріне рейстерді 10 наурызға дейін тоқтатты
Фото: Оңалхан Өнерхан

Air Astana Таяу Шығыс елдеріне рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Air Astana компаниялар тобы Дубай, Жидда, Медина және Дохаға тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады, ал аталған қалаларға билеттерді сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды.

Тегін қайта брондау 30 сәуірді қоса алғанға дейін, ал билеттерді қайтару 11 наурызды қоса алғанға дейін қолжетімді», - делінген хабарламада.

Әуе компаниясының өкілдері Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалап отырғандарын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыс елдерінен 851 адам Қазақстанға жеткізілгені туралы жаздық.