Астанада «Үздік қарауыл бастығы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада «Үздік қарауыл бастығы» байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: видеодан скрин

Елордада кәсіби шеберлікті арттыру және саладағы үздік мамандарды анықтау мақсатында «Үздік қарауыл бастығы» байқауы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың алғашқы күні қатысушылар дене дайындығы мен өртке қарсы-құтқару дайындығы бойынша сынға түсті. Сонымен қатар олардың теориялық білім деңгейі тексеріліп, гарнизондық қызметті ұйымдастыру, өрт сөндіру тактикасы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бағыттары бойынша сұрақтарға жауап берді.

Екінші күні арнайы кедергілер жолағынан өту кезеңі ұйымдастырылды. Қарауыл бастықтары түрлі арнайы снарядты еңсеріп, тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен құтқару арқаны және механикаландырылған құралдарды пайдалану машықтарын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Б.Тоқабаев иеленді.

ІІ орын №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты С.Тастанқұл еншіледі.

Ал ІІІ орын №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны А.Құдайбергеновке бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, ауыспалы кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұған дейін Астанада үздік «Жас құтқарушылар» анықталған болатын.