Қазақстандық таеквондошылар Германиядағы турнирде бақ сынайды

Бүгін, 14:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық таеквондошылар Германиядағы турнирде бақ сынайды
Фото: olympic.kz

Германияның Гамбург қаласында таеквондодан German Open G1 ашық халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының таеквондошылары да қатысады.

Германияда ел намысын Марғұлан Маратұлы (58 келіге дейін), Батый Абдулхамит (63 келіге дейін), Нодира Ахмедова (54 келіге дейін), Аида Тәукенова (67 келіге дейін) қорғайды.

Айта кетейік, жарыс 19-20 қыркүйек аралығында өтеді.

Бұған дейін Астанада үстел теннисінен WTT Star Contender турнирі өтіп жатқанын жаздық.