Референдум-2026

Астанада Спорт күніне орай жаппай велошеру өтеді

Астанада Спорт күніне орай жаппай велошеру өтеді
Фото: Сұлтан Сейітов

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 8 тамыз күні Спорт күніне орай жаппай велошеру өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтыне сілтеме жасап.

Велошеруге қатысатындарлы онлайн тіркеу 5 тамыз күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталып, белгіленген 700 адамдық лимитке жеткенге дейін жалғасады. Тіркелгендерге лотерея билеттері 8 тамыз күні сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін іс-шара өтетін жерде таратылады.

Велошерудің басталуы – сағат 09:00-де «Астана орманы» жасыл белдеуі аумағында. Бағыты: Қосшы – Үркер.
Қатысушылар 21 шақырым қашықтықты жүріп өтеді.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында 10 велосипед ойнатылады.

Велошеру Астана қаласы әкімдігінің, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен ұйымдастырылады.