Астанада мүгедектігі бар азаматтарға Ашық есік күні өтеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңесшілері мен штаттан тыс кеңесшілері мүгедектігі бар азаматтарды ашық есік күніне шақырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Іс-шарада қатысушылар әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, қолжетімді орта және өзге де мәселелер бойынша консультация ала алады. Атап айтқанда: объектілерге қозғалысы шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, медициналық көмек алу, мүгедектік бойынша құжат рәсімдеу, техникалық көмекші құралдар алу, балабақша кезегін рәсімдеу, реабилитация, жол жөндеу және қоғамдық көліктің қолжетімділігі, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелері қарастырылады.
Ашық есік күні 26 мамыр күні Бейбітшілік көшесі, 9 ғимарат, 143-ші кабинетте сағат 10:00-де басталады.