Елордада көпқабатты үйдің балконы өртенді: 8 адам эвакуацияланды
17 қаңтар, 2026
Фото: freepik.com
Елорданың Алматы ауданындағы Б.Момышұлы даңғылында орналасқан 14 қабатты тұрғын үйдің 10-қабатындағы пәтер балконы өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттан 8 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, көрші пәтерден 2 бала құтқарылды. Өрт толығымен сөндірілді», - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Бұған дейін елордадағы тұрғын үй ауласында өртенген автокөлік жедел түрде сөндірілгенін жаздық.
Ұқсас жаңалықтар