05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Аса ауыр қылмыс жасаған күдікті Әзербайжаннан елге жеткізілді (ВИДЕО)

|
Photo: Фото: видеодан скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Аса ауыр қылмыс жасаған күдікті Әзербайжаннан елге жеткізілді (ВИДЕО)

|
Photo: Фото: видеодан скрин

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігінің көмегімен аса ауыр қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру мен қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын Әзербайжан Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өткен жылдың қазанында күдікті басқа адаммен топ болып, таныс кәсіпкерді кездесуге алдап шығарып, соның барысында оны есінен танғанға дейін ұрып-соғып, жалпы құны 40 млн теңгеге жуық мүлкін иемденіп, кейін Алматы қаласының сыртына алып шығып, өлтірген.

Күдіктілердің бірі ізін суытпай ұсталып, ал екіншісі жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.

«Осы жылдың қаңтарында ол Әзербайжан аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркіленіп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗