Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару мен жабдық тәркіленді
10 маусым, 2025
фото: Polisia.kz
2-6 маусым аралығында елімізде республикалық «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Нәтижесінде:
- заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды;
- 40 қару қоймасы анықталды;
- қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, оның ішінде екі Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен щиттар бар;
- азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды.
«29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі», - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:37
Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
Бүгін, 11:01
Астанада ер адам бұрынғы сүйіктісінің жұмыс орнына келіп, «өртеймін» деп қорқытқан
23 қыркүйек, 2026
Астанада құтқарушылар Есілге түсіп кеткен көлікті шығарды
21 қыркүйек, 2026
Маңғыстауда ысталған балық жеген төрт адам жансақтау бөліміне түсті