WorldSkills Shanghai 2026: астаналық студент чемпион атанды

WorldSkills Shanghai 2026: астаналық студент чемпион атанды
Фото: Астана әкімдігі

WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатына дайындалып жатқан ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің командасы «Веб-технологиялар» құзыреті бойынша өткен халықаралық онлайн сайыста жүлделі жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

WorldSkills Hungary ұйымдастырған халықаралық онлайн чемпионатқа «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің» түлегі, TAU студенті Мұхамеджан Ағыбай қатысып, чемпион атанды. Жетекшісі – колледж оқытушысы, халықаралық сарапшы Айжан Зияданова.

Чемпионатқа Қазақстан, Бельгия, Қытай, Жапония, Сингапур, Тайбэй елдерінің өкілдері қатысты.

Бұған дейін астаналық оқушылардың АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарғанын жазғанбыз.