Түркияға заңсыз әкетілмек болған алтын мемлекет пайдасына тәркіленді

Түркияға заңсыз әкетілмек болған алтын мемлекет пайдасына тәркіленді
Фото: pexels.com

Шымкент әуежайы арқылы Түркияға заңсыз әкетілмек болған 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Өзбекстан азаматтары құны 227,8 млн теңгені құрайтын бағалы металды кедендік бақылаудан жасырып, шетелге алып өтпек болған.

Олар алтын бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына салып, кедендік бақылаудан жасырмақ болған.

Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде сот үкімі шыққанға дейін алтын мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Астана және Алматы әуежайларында 98 келі есірткі тәркіленгені хабарланған еді.