Сенаторлар су арқылы тарайтын ауруларды қадағалауды реттейтін заңды талқылайды

27 қараша, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Сенаторлар су арқылы тарайтын ауруларды қадағалауды реттейтін заңды талқылайды
Оңалхан Өнерхан

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар су және денсаулық проблемалары, «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Қостанай филиалының жұмыс істеуі көзделген заңдарды талқыға салады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Айта кетейік, 24 қарашада Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтіп, онда бүгінгі отырыстың күн тәртібі айқындалған болатын.

Соған сәйкес, сенаторлар «1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл құжатты осы жылдың 15 қазанында Мәжіліс ратификациялаған болатын.