ҚТЖ пойыздар қозғалысын басқаруда испаниялық цифрлық озық тәжірибені енгізеді

Бүгін, 17:20
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ҚТЖ пойыздар қозғалысын басқаруда испаниялық цифрлық озық тәжірибені енгізеді
Фото: ҚТЖ

ҚТЖ өкілдері Мадрид пен Трес-Кантос (Испания) қалаларына барып, пойыздар қозғалысын басқарудың заманауи технологияларымен және теміржол автоматикасы саласындағы озық еуропалық тәжірибемен танысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапардың негізгі мақсаты Alstom және Siemens компанияларындағы тасымалдау процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған Еуропалық пойыздар қозғалысын басқару жүйесін (ERTMS), орталықтандырудың заманауи микропроцессорлық жүйелерін, диспетчерлік басқаруды және басқа да инновациялық технологияларды енгізу және пайдалану тәжірибесін зерделеу болды.

Алынған тәжірибе теміржол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ желіде заманауи цифрлық технологияларды енгізу кезінде пайдаланылатын болады.

Еске салайық, жаздың соңына дейін «ҚТЖ» пойыздары спутник интернетімен қамтамасыз етілетін болады.