Қазақстан оқушылары халықаралық биология олимпиадасында алты медаль жеңіп алды
2026 жылғы 15-22 мамыр аралығында Ресей Федерациясының «Сириус» федералды аумағында Open International Biology Olympiad (OIBO-2026) халықаралық ашық биология олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Беделді білім додасына әлемнің 17 елінен 100-ден астам жас биолог қатысты. Қазақстан құрамасы олимпиадаға 6 оқушымен қатысып, нәтижесінде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті.
Алтын медаль иегерлері:
Ерсұлтан Қайыркен – Павлодар облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Софья Желтова – Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.
Күміс медаль иегерлері:
Нұрәлі Біләлов – Павлодар облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Дарын Мұқашев – Шығыс Қазақстан облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Нұрасыл Әділғали – Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Қола медаль иегері:
Евгения Меженина – Қарағанды қаласындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы.
Команда жетекшісі – Дінмұхаммед Оразбаев, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері, қазіргі уақытта «Astana Medical University» КеАҚ-ның 4-курс студенті.

OIBO олимпиадасына қатысушылар молекулалық биология, генетика, биохимия және физиология бағыты бойынша күрделі тапсырмалар орындап, ботаника, зоология және биоинформатика саласында зертханалық жұмыс жүргізді.
Еске салсақ, Қазақстан оқушылары Халықаралық философия олимпиадасында алғаш рет марапатқа ие болды.