Президент Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады

Бүгін, 15:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кай Фудың Қазақстанда жоғары технологиялардың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Бизнесмен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысына белсенді түрде атсалысып келеді және Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі.

Президент еліміздің жасанды интеллект саласында тиімді әрі нақты нәтижеге бағдарланған серіктестік құруға ниетті екенін айтты.

Бұл ретте 01ai және Sinovation Ventures компанияларымен бірқатар бағытта ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Нақты айтқанда, Қазақстанда озық білім беру бастамалары мен жобаларды іске асыру, орнықты технологиялық экожүйе қалыптастыру бағыттарының келешегі зор.

Қасым-Жомарт Тоқаев мен Ли Кай Фу өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.

Еске сала кетейік, Президент Үкіметке «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын мұқият пысықтауды тапсырды.