Президент Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

6 ақпан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президент Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Фото: akorda.kz

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін Тоқаев Токио конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды.