Құны 147 млн теңгеден асатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды
30 сәуір, 2025
Фото: gov.kz
Ұлытау облысының прокурорлары пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, Ұлытау ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
Қадағалау актілері бойынша жол берілген заңбұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын, жалпы ауданы 90 000 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
19 маусым, 2026
Елордада «INVEST CARAVAN» жобасы аясында инвесторлардың өзекті мәселелері қаралды
19 маусым, 2026
Алматыда жаңа психоактивті заттар мәселесі бойынша өңірлік кездесу өтті
19 маусым, 2026
Құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік шараларын күшейтуде
19 маусым, 2026
Әкімшілік әділеттің 5 жылы: азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері қалай өзгерді