Мал ұрлығының алдын алу үшін не істеу керек
20 тамыз, 2025
фото: freepik.com
Ауылдық жерлерде жиі кездесетін және қоғамға елеулі зиян келтіретін қылмыстардың бірі – мал ұрлығы. Полицейлер ұрлықтың алдын алу жолдарын ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Талдау көрсеткендей, мал ұрлығының басым бөлігі иелері қараусыз қалдырған жайылымдардан немесе шаруашылық құрылыстарынан орын алады. Көп жағдайда мал иелері мұқият қарамай, малды үй іргесінде немесе ауыл маңында күндіз де, түнде де қараусыз қалдырады.
Полицейлер ұрлықтың алдын алу үшін мынадай қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береді.
- Мал жайылымда ешқашан қараусыз қалмауы тиіс. Бақташы жалдау шығыны ұрланған бір ғана сиыр немесе жылқыдан келетін залалдан әлдеқайда аз.
- Жайылым маңында пайда болған бөгде көліктер мен бейтаныс адамдарға назар аударып, олардың белгілерін есте сақтаған жөн. Қажет болса, ұялы телефонға түсіріп, көліктің тіркеу нөмірін, маркасын және түсін есте сақтап, полицияға хабарлау қажет.
- Мал жоғалғаны анықталған бойда дереу полицияға хабарласу маңызды. Мұндай қылмыстарды «ізін суытпай» ашу әлдеқайда жеңіл. Әрбір мал иесі үй шаруашылығындағы жануарларды есепке алып, таңбалау немесе чиптеу шараларын жүргізгені жөн. Бұл ұрланған малды анықтауды жеңілдетеді.
Ұқсас жаңалықтар
1 тамыз, 2026
Елімізде «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
31 шілде, 2026
Тамыз айында қайда баруға болады: елдегі ірі туристік іс-шаралардың тізімі
31 шілде, 2026
Антифрод-орталық екі жылда 117 млрд теңгенің ұрлануына жол бермеді
31 шілде, 2026
Қазақстанда туристік ақпарат орталықтарына бірыңғай қағидалар енгізілді