Көкшетауда 343 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Көкшетауда 343 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Көкшетау қаласының прокуратурасы жалпы құны 343 млн теңге жерлерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
 
Биыл Көкшетау қаласының прокуратурасы жалпы аумағы 13 га, құны 343 млн теңге жер телімдерінің заңсыз берілгенін анықтады. Жергілікті атқарушы органдар жерлерді Жер кодексінің 48-бабын бұза отырып (сауда-саттықсыз) берген.

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде заңсыз берілген жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды.

Еске сала кетсек, Ақтауда Каспий теңізінің жағалауындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды.