Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау бойынша жұмыс барысында кен іздеушілікке берілген 75 лицензияның күші жойылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Лицензияларды қайтарып алуға заңнама талаптарының бұзылуы, оның ішінде қол қою бонусының төленбеуі және міндеттемеде белгіленген мерзімде орындалмауы негіз болды.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кен іздеу саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу және бақылау жұмысын жалғастырылады.
Еске сала кетсек, тұтынушылардың құқығын бұзған жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды.