Бүгін Атырау қаласының Авангард-2 шағынауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықта газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиғадан кейін өрт тұтанған жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жедел жетті.
«Жарылыс салдарынан қазандықтан 12 метр қашықтықта орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлеріндегі терезе конструкциялары мен екі жеңіл автокөлік зақымданды. Бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Төтеншеліктердің айтуынша, оқиға орнында жедел қызметтер оқиға орнындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте СПА-салон өртенгені туралы жаздық.