Иран Президенті Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады
22 наурыз, 2026
Фото: Ақорда
Иран Ислам Республикасының Президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына және бауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты.
Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2026
Президент елордалық урбанистика орталығының тәжірибесін басқа аймақтарға таратуды ұсынды
19 қыркүйек, 2026
Қазақстан – шын мәнінде әлеуметтік мемлекет - Президент
19 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан» – жалпыұлттық сипатқа ие болған бастама
19 қыркүйек, 2026
Президент Астана әкіміне граффити салатындарға қатаң шара қолдануды тапсырды