05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Халыққа бейәдеп сөз айтқан ауыл әкіміне айыппұл салынды

|
Photo: Фото: видеодан алынған скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Халыққа бейәдеп сөз айтқан ауыл әкіміне айыппұл салынды

|
Photo: Фото: видеодан алынған скрин

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында халыққа бейәдеп сөз айтқан ауыл әкіміне 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Ауыл әкіміне қарасты іс Зайсан аудандық сотында қаралды. 

«Шілікті ауылының әкімі 6 қазанда сағат 15:00 шамасында қызметтік кабинетінде айналасындағыларға құрметсіздік танытып, бейәдеп сөз айтқан. Сот процесі барысында өз кінәсін мойындаған ол бұл әрекетіне өкінетінін жеткізіп, көпшілік алдында кешірім сұрады», - деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметінен. 

Сот шешімімен әкім ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 55 048 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗