12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада «SOS» батырмасы арқылы жоғалған бала табылды

|
Photo: Фото: Polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада «SOS» батырмасы арқылы жоғалған бала табылды

|
Photo: Фото: Polisia.kz

Астанада SOS батырмасы арқылы жоғалған бала дер кезінде табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында 25 арнайы SOS батырмасы орнатылған. Бұл батырмалар арқылы тұрғындар шұғыл жағдайда бірден полицияның көмегіне жүгіне алады. Жыл басынан бері осындай батырмалар арқылы 24 шұғыл хабарлама келіп түсті. Солардың бірі – жақында елордадағы теміржол вокзалы маңында болған оқиға. Кешкі сағат 22:00-ден кейін белгісіз тұрғын вокзал маңында кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқап, алаңдаушылық білдіріп, жақын маңдағы SOS батырмасы арқылы полицияға хабар берді.

Патрульдік полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына жетіп, 9 жастағы баланы тауып, оның жанында ересек адамдардың болмағанын анықтады. Баламен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтағаннан кейін, бала анасына аман-есен тапсырылды. Бұл жағдай SOS батырмаларының қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Мұндай технологиялар азаматтардың белсенді қатысуымен бірге тәртіп сақшыларына уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді. Полиция тұрғындарды бейжай қалмауға және қоғамдық қауіпсіздікке ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырады.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗