Елордада Орталық саябақтың жолына жөндеу жүргізіледі
21 мамыр, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орталық саябақтың ішіндегі жолға орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 22-23 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup-тың алғашқы жеңімпаздары анықталды
20 қыркүйек, 2026
Астанада санитария-эпидемиология қызметінің өкілдері марапатталды
20 қыркүйек, 2026
Жексенбіде Астанада ауа райы қандай болады
19 қыркүйек, 2026
Астанада спортшылар мен жаттықтырушылар экологиялық акцияға қатысып, спорт кешендердің аумағын тазартты