Елордада «Елім дегендер» атты патриоттық флешмоб өтті
15 желтоқсан, 2024
фото: ұйымдастырушылардан
Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада ерекше флешмоб өтті. «Елім дегендер» атты шараға 100-ге жуық елорда тұрғыны қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шараның басты ерекшелігі – Қазақстан Республикасының Әнұраны домбыраның сүйемелдеуімен орындалуы.
Әнұранды ең алғаш болып, «Астана – күй қанатында» қалалық байқауының жеңімпазы Таупих Ералы домбырамен орындап, одан кейін әрбір қатарды астаналықтар шырқап шықты.
Бұл флешмобтың мақсаты – елорда тұрғындарының патриоттық рухын көтеріп, елімізге деген сүйіспеншілікті арттыру. Жиналған қауымның бірлігі мен елжандылығы көпшілікті қуантты.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады