Елордада 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне арналған плац-концерт өтеді

Бүгін, 14:33
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне арналған плац-концерт өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елорданың Қазақ елі алаңында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне арналған плац-концерт өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Іс-шара аясында көрермендерге әскери оркестрлер мен мемлекеттік органдардың саптық есептоптарының қатысуымен мерекелік бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ саптық дайындық элементтері мен салтанатты бөлімшелердің көрсетілімдік қойылымдары да сахналанады», делінген хабарламада.

Плац-концертке Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысады.