04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде кісі өлтіру саны 4,5 есе қысқарды – министр

|
Photo: Фото: Freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде кісі өлтіру саны 4,5 есе қысқарды – министр

|
Photo: Фото: Freepik.com

Егемендік алғаннан бері қылмыс саны екі есеге төмендеді (-49%), оның ішінде кісі өлтіру саны 4,5 есе қысқарды. Ержан Сәденов Ішкі істер министрлігінде «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министр халық саны бұл аралықта 1,5 есеге өскеніне қарамастан, бұл нәтижеге – ауқымды профилактикалық жұмыстың арқасында қол жеткізгенін атап өтті. Сөзінше, қылмысқа қарсы нақты бағдарламалар іске асырылып жатыр.

Олар:

–   кісі өлтіруге (2024-2026 жылдарға),

–   ұрлыққа (2024-2026 жылдарға),

–   киберқылмысқа, интернет-алаяқтыққа (2023-25ж.),

–   есірткі бизнесіне,

– адам саудасына,

– экстремизмге қарсы күреске,

– колониядағы жағдайды жақсартуға бағытталған.

Ал биыл қылмыс 7%-ға немесе 6 мыңға азайды.

Оның ішінде:

–   кісі өлтіру (-20%),

–   қарақшылық (-28%),

–   тонау (-30%),

–   бұзақылық (-11%),

–   ұрлық (-24,5%).

–   бұрын сотталғандар тарапынан (-9%),

–   қоғамдық орындарда (-7%),

–   көшелерде (-5%),

–   және атыс қарумен жасалған қылмыстар да төмендеді (-16%).

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗