Елде алдағы үш жылда 200-ден астам агроөнеркәсіптік жоба қаржыландырылады
15 қыркүйек, 2025
Фото: primeminister.kz
Елімізде үш жылдық кезеңде жалпы сомасы 1,2 трлн теңге болатын 200-ден астам агроөнеркәсіптік жоба қаржыландырылатын болады, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды таныстырды.
Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестицияларға тапсырыс» бастамасы аясында 5%-дық жеңілдетілген кредит беру бағытын кеңейту жоспарланып отыр, ал «Даму» қоры агробизнестің қарыздарына 80%-ға дейін кепілдік беретін болады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатындағы жерлерді беруге арналған конкурстар электронды түрде комиссияның қатысуынсыз өткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
21 қыркүйек, 2026
Елімізде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап көлемі үш есеге жуық артты
18 қыркүйек, 2026
Елімізде ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасып келеді
17 қыркүйек, 2026
Олжас Бектенов инвестиция тарту жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
16 қыркүйек, 2026
Қазақстанда көлеңкелі экономика үлесі 15,69 пайызға дейін төмендеді