14.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Байтақ» жасылдар партиясының Астана қалалық филиалының ІV конференциясы өтті

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Байтақ» жасылдар партиясының Астана қалалық филиалының ІV конференциясы өтті

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Астанада «Байтақ» партиясы қалалық филиалының ІV конференциясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шараға қоғамдық-саяси көшбасшылар, азаматтық қоғам өкілдері және экологиялық белсенділер қатысты.

Сондай-ақ елордалық 80 делегат шақырылып, оның 70-і қатысты.

Кезекті конференцияны партияның төрағасы Азаматхан Әміртай ашты.

«Партиямыз дамып келе жатыр. Қазір барлық өңірлерде партия бөлімшелерін ашып жатырмыз. Бастауыш партия ұйымдары құрылып жатыр. Еліміздің саяси орталығы – Астанада да партиямыз белсенді жұмыс істеді. Алдағы уақытта да көптеген экологиялық сауалдардың шешімін табатын боламыз», - деді А.Әміртай.  

Конференция барысында филиал төрағасы, саяси кеңес мүшелері, сондай-ақ ревизиялық және есеп комиссияларының жаңа құрамдары сайланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, партияның негізгі филиалдарының біріндегі бұл кадрлық өзгерістер - партияның қоғамдағы позициясын нығайтуға және Парламентке нық қадам басуға жасалған маңызды қадам.

Дауыс беру нәтижесінде «Байтақ» жасылдар партиясының Астана филиалының төрағасы болып Нариман Баубек сайланып, саяси кеңес құрамына түрлі кәсіби салалардың 15 белсенді тұрғыны енді.

«Байтақ» жасылдар партиясының құрамына енген қоғамдық-саяси белсенді Тәңірберген Бердоңғаров сөз сөйледі.

«Байтақ» партиясының мақсаты – партияның парламенттік типке айналуына қол жеткізу, экология және табиғатты пайдалану комитеттерін басқаратын депутаттарымыздың болуына, заңнама арқылы экологиялық ахуалымызды жақсартуға ұмтылу.

Біздің партиямыздың қатарында балаларының денсаулығы мен болашағына алаңдайтын, сол үшін де туған қаласының экологиясына жанашырлық танытатын аналар көп. Экологиялық төлемдердің бюджетке түсуін және қаражаттың экологиялық мәселелерді шешуге жұмсалуын шынымен қалайтын адамдар – осылар.

Жалпы, кез келген қазақстандық үшін экология және табиғатпен байланыс басты орында болуы қажет деп есептеймін.

Мен «Байтақ»  партиясына қосылғаныма өте қуаныштымын. Дәл осы партиядан мен Қазақстанның болашақ экологиясының даму перспективасын көріп отырмын», - деді Т. Бердоңғаров.

Конференция күн тәртібі тек кадрлық өзгерістермен ғана шектелген жоқ. Жарыссөзге шыққандар өңірдің ең өзекті мәселелерін талқылады.  

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗