Атырауда 10 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды
11 қазан, 2025
Фото: pexels.com
Ол қаладағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті, деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Атырауда полиция қызметкерлері жеке кәсіпорын басшысынан компания қызметіне қатысты бейнематериалды таратпау үшін 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен 36 жастағы журналисті ұстады. Ақшаның бір бөлігі – 4 миллион теңге делдал арқылы берілген», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Басқа адамдардың қылмысқа қатыстылығы тексеріледі.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен өмірден өтті
18 қыркүйек, 2026
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2026
Пияз, картоп, сәбіз: Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады
16 қыркүйек, 2026
Shin-Line Group пен Кореяның Foodpolis институты Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластерін құрады