Астаналық зейнеткерлер республикалық турнирде жеңіс тұғырынан көрінді
Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары арасында Республикалық спорт фестивалі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауқымды іс-шара еліміздің әр өңірінен барған қатысушылардың басын қосып, аға буын өкілдері үшін спорттың, белсенді өмір салты мен бірліктің нағыз мерекесіне айналды.
Фестивальдің салтанатты ашылуында облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтау сөз сөйлеп, белсенді ұзақ өмір сүруді дамыту, аға буынның қоғамдағы рөлін арттыру және бұқаралық спортты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Республикалық деңгейдегі жарыста елорданың атынан 18 адамнан құралған команда қатысты. Турнир екі күнге созылып, бес спорт түрінен өтті: тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, асық ату, бес асық және спорттық би.

Жарыс қорытындысы бойынша елорданың атынан сынға түскендер мынадай жүлделі орындарға ие болды:
Асық ату:
• 1 сақа – 4-орын: Жетіген Сәрсебаев;
• 2 сақа – 1-орын: Серік Райымбаев;
• 3 сақа – 2-орын: Ілияс Әбілғазинов.
Шахмат:
• 2-орын – Гүлжан Көшкіншінова.
Тоғызқұмалақ:
• 3-орын – Гауһар Жанабаева.
Үстел теннисі:
• 2-орын – Берік Тоқтамысов.
Бес асық:
• 2-орын – Бақытгүл Байымбетова.