10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық мектепте оқушылар алақан арқылы төлем жасайды

|
Photo: Василий Крась
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық мектепте оқушылар алақан арқылы төлем жасайды

|
Photo: Василий Крась

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында елордада жаңа үлгіде мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Солардың бірі – қаладағы №115 жалпы білім беретін мектеп. Заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған инновациялық оқу орнында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект жүйесіне негізделген жобалар іске асырылып, бүгінгі таңда 4 мыңға жуық оқушы сапалы білім алып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мектеп басшысы Жұлдыз Рахметованың айтуынша, білім ордасында сабақ кестесі мен оқу үдерісі цифрлық жүйе арқылы басқарылып, білім сапасы артып жатыр.

«Бүгінгі таңда мектепте 4570 бала білім алады. Білім ордасы қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта оқытады. «ЖИ мектептері» жобасы бойынша ColdiPlay бағдарламасы, Alaqan Mektep, BilimClass, Otan Mektep, Artisan Education инновациялық жобалары негізінде жұмыс атқарылады», - деді №115 жалпы білім беретін мектептің директоры  Жұлдыз Қуанышқызы.

Artisan Education платформасы негізінде инновациялық жоба жүзеге асырылатын жүйе бағдарламалау мен электрониканы біріктірді. Оқушыларға ақылды құрылғылар жасауға мүмкіндік береді. Басшының айтуынша, бұл – STEM білімін дамытудың тиімді тәсілі.

«Мектептің материалдық-техникалық базасы толық қамтылған. Педагогтер hr.nobd .edu.kz платформасы және Еңбек.kz арқылы іріктелді. Мектепте оқушылар қауіпсіздігі бірінші орынға қойылған. Face ID жүйесі мен Protector AI буллингке қарсы бағдарламалары қойылған», - деді мектеп басшысы.

Сондай-ақ мектеп Efekta пилоттық жобасына қатысуда. Аталмыш жоба әр оқушыға жеке оқу тәсілін ұсынады. Мұғалімдерге тиімді сабақ өткізуге және оқушыларға нәтижелі білім алуға мүмкіндік береді.

Жұлдыз Рахметова мектепте антибуллинг камералары орнатылғанын айтты. Бұл жүйе оқушылар арасындағы келіспеушілік пен буллинг жағдайларын автоматты түрде анықтап, қауіпсіз орта қалыптастыруға көмектеседі.

Тағы бір айта кетерлігі, мұнда Otan Mektep жүйесі енгізілген. Face ID және турникеттер арқылы оқушылардың кіруі мен шығуы бақыланып, қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі.

Ал оқушылар ақылы түрде тамақтанатын болса, Аlaqan жүйесі арқылы төлемді алақанмен жасайды. Бұл жүйе баланың саусақ іздерін қажет етпейді. Алақан сканерленген кезде көктамыр өрнегі арқылы анықтайды.

Бір сөзбен айтқанда, жасанды интеллектке құрылған мектепте әр сабақ пен жоба инновация мен технологияға негізделген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗