Астанада жатақханадан өрт шықты
1 маусым, 2026
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Елордалық құтқарушылар жатақханадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Астананың Байқоныр ауданы, Тайбурыл көшесінде орналасқан бес қабатты жатақхананың бір бөлмесінде үй заттары тұтанған.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте үшінші қабаттағы бөлмеден қалың қара түтін шығып жатқан.

«Газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы барлауды жүргізді. Өртті сөндіру үшін өрт оқпандары қолданылды», делінеді хабарламада.
ТЖМ қызметкерлері келмей тұрып, жатақхана тұрғындары өздігінен эвакуацияланды. Өрт 10 шаршы метр алаңда жылдам сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Еске салсақ, бұған дейін елордада үш жер үй өртенді.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды