Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған іс-шара өтті

Бүгін, 15:39
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған іс-шара өтті
Фото: Нұркен Мерғалиев

Астанадағы NCITY сауда орталығында ҚР жаңа Конституциясының жобасына қатысты референдумды қолдау аясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған арнайы іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шара Астана қаласы Amanat партиясы филиалының Әйелдер қанаты, «Ақ жол» партиясы Әйелдер қанаты және Respubliсa партиясы Әйелдер қанатымен бірлесіп өткізілді.

Жиынға үш саяси партияның әйелдер қанаттарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, қоғамдық белсенді әйелдер, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері – әйел кәсіпкерлер, барлығы 500-ге жуық адам қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының төрағасы Ерлан Каналимов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және партиялық әйелдер қанаттарының жетекшілері құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында Aq bata этно-клубының ардақты әжелері ұлттық дефиле көрсетіп, қазақ халқының бай тарихы, терең мәдениеті мен көркем табиғатынан шабыт алған «Сарыарқа сәні» заманауи ұлттық киімдер топтамасы таныстырылды. Әйел кәсіпкерлігін дамытуға арналған жәрмеңке жұмысы өткізілді, онда шеберлер мен кәсіпкерлер өз қолөнер және қолмен жасалған өнімдерін таныстырды. Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ән шашу орындалды.

Іс-шара ұйымдастырушылары қатысушыларға, әртістерге және қонақтарға алғыс білдіріп, келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады және ҚР жаңа Конституциясы бойынша референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Еске салсақ, Еңбек министрлігінде жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары түсіндірілді.