Астанада қар шығаруға 3 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
8 қаңтар, 2026
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өткен түнде елорда аумағынан 51 мың текше метрден астам қар 3 782 рейс арқылы арнайы ауыр жүк көліктерімен шығарылды. 8 қаңтар күні таңертеңнен бастап қар тазалау жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден астам арнайы техника тартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Елордада коммуналдық қызметтер қыс басталғалы тәулік бойғы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Боран, аяз және қолайсыз ауа райына қарамастан, қар күреу жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Жалпы қыс басталғалы қаладан қар полигондарына 1,9 миллион текше метрден астам қар 149 714 рейс арқылы шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 07:01
Дүйсенбі Астанада ауа райы қандай болады
20 қыркүйек, 2026
WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup-тың алғашқы жеңімпаздары анықталды
20 қыркүйек, 2026
Астанада санитария-эпидемиология қызметінің өкілдері марапатталды
20 қыркүйек, 2026
Жексенбіде Астанада ауа райы қандай болады