Ақмола облысында өрт кезінде 20 адам эвакуацияланды
1 сәуір, 2026
Фото: ТЖМ
Макинск қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Өрт бесінші қабаттағы пәтердің балконында тұтанған, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ күштері мен құралдары барды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің таралуын болдырмады.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығуына отты абайсызда қолдану себеп болды», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды