Алматыда зейнеткерлердің 1,5 млрд теңгесін иемденген интернет-алаяқтар ұсталды

Алматыда зейнеткерлердің 1,5 млрд теңгесін иемденген интернет-алаяқтар ұсталды
Фото: magnific.com

Алматыда қарт азаматтарға қатысты интернет-алаяқтық жасады деген күдікті адамдар тобының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Қылмыскерлер өзін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және қаражатын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.
 
Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеті ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен сараланып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
 
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталмаған. Қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы мен басқа да қатысы бар адамдар анықталып жатыр. 

Еске салсақ, Қарағандыда полицейлерден қашқан видеосін әлеуметтік желіге жариялаған жігіт ұсталды