Қостанайда ангар өртеніп, оқиға орнында штаб құрылды

17 қараша, 2025
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
Қостанайда ангар өртеніп, оқиға орнында штаб құрылды
Видеодан скрин

Осы сәтте Қостанай өрт сөндірушілері Қостанай қаласы Орал көшесінде орналасқан жеке тұрған ангардың өртін сөндіріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өрт сөндіруге суды үздіксіз беру ұйымдастырылып, бірнеше су оқпандары берілді. Өртті сөндіру қатты түтінмен, жоғары температурамен және үлкен өрт жүктемесімен күрделенуде. Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.