Президент бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады
15 қыркүйек, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – деп жазды Президент Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
21 маусым, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті шақыруымен Брюссельге барады
20 маусым, 2026
Қазақстан Ауғанстанға 318 тонна гуманитарлық көмек және қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді
20 маусым, 2026
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетикалық жағдайға қатысты бірқатар келісім жасады