Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

5 маусым, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Фото: Ақорда

Еліміздің заңнамасын жетілдіруге үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік награда алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және еліміздің заңнамасын жетілдіруге елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөз сөйледі.