05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Полицейлер астаналықтарды тазалық мәдениетін сақтауға шақырады

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Полицейлер астаналықтарды тазалық мәдениетін сақтауға шақырады

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада қоғамдық орындарды ластаудың мыңдаған фактісі тіркелді. Полиция тұрғындарды тазалық мәдениетін сақтауға шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

«Қоғамдық орындарды ластау мәселесі елорда үшін өзекті күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері Астанада қоғамдық орындарды ластаудың 12 мыңға жуық дерегі тіркелді. Оған көшелерге, аялдамаларға, саябақтар мен аулаларға қоқыс тастау, темекі қалдықтарын лақтыру, сондай-ақ көліктің терезесінен қалдық шығару фактілері жатады. Мұндай әрекеттер қаланың келбетін бұзып қана қоймай, тұрғындардың санитарлық қауіпсіздігіне де қатер төндіреді», - делінген хабарламада.

Қалалық полиция осындай құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жедел басқару орталығының операторлары бейнебақылау камералары арқылы ластау деректерін тіркейді.

Ақпарат бірден полицияның кезекші нарядтарына жолданып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тәртіпті сақтауға елорданың бейжай қарамайтын тұрғындары да елеулі үлес қосып отыр.

Полиция қоғамдық мәдениет нормаларын сақтамау заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Полиция астаналықтарды тазалықты сақтауға және айналасындағыларға үлгі болуға шақырады.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗