Павлодарда сатылған цементтің көлемін жасырғандарға айыппұл салынды
13 сәуір, 2026
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Монополияға қарсы орган Павлодар облысында биржалық сауда қағидаларының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті портландцементті белгіленген шектен асатын көлемде заңнама талаптарын айналып өтіп саудалау фактілерін анықтады.
Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес жекелеген тауарлар, оның ішінде цемент белгіленген көлемнен асқан жағдайда міндетті түрде тауар биржалары арқылы өткізілуі тиіс.
Нарық субъектілеріне қатысты қысқартылған тәртіппен (50% жеңілдікпен) 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 4,5 млн теңге болды.
Еске сала кетсек, алматылық сот орындаушысына 8,6 млн теңге айыппұл салынды.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Жайық өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі салынады
30 шілде, 2026
Ақадыр мен Мойынты вокзалдары күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді
30 шілде, 2026
Қызылорда облысындағы 123 тік дренаж ұңғымасы қайта жаңғыртылады
30 шілде, 2026
Балқаш қаласында жаңа мыс қорыту зауыты салынады