Мемлекет басшысы екі жаңа елшіні тағайындады

13 сәуір, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы екі жаңа елшіні тағайындады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.