Елордада құтқарушылар жанып жатқан жүк көлігін сөндірді

11 тамыз, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада құтқарушылар жанып жатқан жүк көлігін сөндірді
Фото: ТЖМ

Астанада «Сарайшық» ауданындағы А.Байтұрсынұлы көшесінде жүк көлігінен өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері өртті аз уақытта сөндірді.

«Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

ТЖМ көлік иелерін өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және автокөліктердің техникалық жай-күйін уақтылы тексеріп отыруға шақырады.