05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде қымбат металдарды заңсыз өндірген 19 шетелдік азамат ұсталды (ВИДЕО)

|
Photo: Фото: Polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елімізде қымбат металдарды заңсыз өндірген 19 шетелдік азамат ұсталды (ВИДЕО)

|
Photo: Фото: Polisia.kz

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталған. Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексерілуде.

Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын анықтау шаралары қабылдануда», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗