Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөз жүргізді
29 шілде, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан-жақты талқылады.
Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия Президентіне алғыс айтты.
Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға дайын.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
21 маусым, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті шақыруымен Брюссельге барады
20 маусым, 2026
Қазақстан Ауғанстанға 318 тонна гуманитарлық көмек және қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді
20 маусым, 2026
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетикалық жағдайға қатысты бірқатар келісім жасады