Астананың «Есіл» ауданында жылыту маусымына байланысты өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент қызметкерлері тұрғындарға тұрмыстық өрттердің алдын алу және жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарын түсіндіруде.
Атап айтқанда, мамандар пештер мен электр жылыту құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сондай-ақ улы газдан қорғану жолдары туралы ақпарат беріп жатыр.
Профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – жылыту маусымында өрт оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы 112 орталығы тәулігіне 3 мыңнан астам қоңырау қабылдайтынын жаздық.