Астанада Түркістан және Достық көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

27 қазан, 2026
Ернұр Сағымбек Ернұр Сағымбек
Астанада Түркістан және Достық көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 28 қазан күні сағат 21:00-ден 29 қазан күні сағат 07:00-ге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз» - делінген хабарламада.