05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада зейнеткерлерге арналған психологиялық тренинг өтті

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада зейнеткерлерге арналған психологиялық тренинг өтті

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанадағы Есіл ауданында зейнеткерлерге арналған психологиялық тренинг өтті. Тренингті орталықтың психологы Күлбадам Кенженова жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тренинг «Темперамент түрлері», психологиялық өзін-өзі тану дағдыларын дамыту, қарым-қатынасты және бірлескен жұмысты жақсарту тақырыптарына арналды.

«Темперамент – адамның табиғи ерекшелігі. Ол эмоциялық қабылдау мен мінез-құлықтың негізінде жатыр. Темпераменттің белгілі төрт түрі – холерик, сангвиник, флегматик және меланхолик өзгермейтін қасиет емес, керісінше, оны түсініп, қабылдау арқылы тиімді қарым-қатынас орнатуға болады. Бұл адамға өзін де, өзгелерді де жақсырақ түсінуге көмектеседі», деді орталықтың психолог маманы Күлбадам Бақбергенқызы.

Тренинг «Темперамент – бұл ерекшелік. Әр ерекшеліктің өз күші бар!» деген ұранмен өтті.

Тренинг барысында зейнеткерлер темперамент түрлерімен танысып, психологиялық тестілерден өтті. Қатысушылар өз мінез-құлқын жақсырақ сезініп, қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынас орнатудың жолдарын үйренді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗